АУДАНДЫҚ ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫНА ЗАҢНАМА ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Отырар ауданында жұмыс сапарымен жүрген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің Превенция басқармасының басшысы Ержан Жүнісовтің кезекті кездесуі аудандық полиция басқармасының ұжым қызметкерлері арасында өтті.
Жиынға аудандық полиция басқармасының басшылық құрамы мен жеке құрам мүшелері толық қатысты.
Мақсатты кездесудің негізгі мақсаты — тәртіп сақшылары арасында адалдық пен ар тазалығы, туралық пен әділдік қағидаларын насихаттау.
Алқалы жиын барысында сөз алған Ержан Әлиұлы құқық қорғау орган қызметкерлерінің мемлекет алдындағы айрықша жауапкершілігін алға тартып, бүгінгі күні заңды күшіне енген Заңнама талаптарын түсіндірді.
Сондай-ақ, тәртіп сақшылардың назарына сыбайлас жемқорлық қылмысына барған азаматтардың қылмыстық істері бойынша әзірленген бейнероликті ұсынды.
Шара соңында басқарма басшылығы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, жеке құрам арасында ағарту жұмыстары тұрақты негізде жүргізілетінін жеткізді.
703
Охват (люди)
23
Взаимодействия
Продвижение недоступно
5

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444