Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына Бірге тосқауыл болайық!

Бүгін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша Департаментімен «Түркістан» әлеуметтік — кәсіпкерлік корпорациясы» қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізіліп жатқан сыртқы талдау жұмыстарына қатысты қоғам өкілдерімен пікір алмасу жиыны өтті.
Қоғам өкілдерімен өткен жиында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізіліп жатқан сыртқы талдау жұмыстарының негізгі бағыттары таныстырылып, эксперттермен пулымен бірқатар ұсыныс-пікірлер айтылды.
Айта кетейік, Департаментпен ағымдағы жылдың 1 наурызы мен 15 сәуірі аралығында «Түркістан» әлеуметтік — кәсіпкерлік корпорациясы» қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жұмыстары жүргізілетін болады.
Құрметті желі қолданушылары, егер де, «Түркістан әлеуметтік — кәсіпкерлік корпорациясының» қызметіне қатысты Сіздің қандай да бір нақты мәліметтеріңіз бен арыз-шағымдарыңыз, білдірер ұсыныс-пікірлеріңіз болса, төменде көрсетілген мекен-жайларға жолдауыңызды сұраймыз.
Барлық проблемалық сұрақтар мен бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша жоғарыда көрсетілген байланыс құралдары арқылы хабарласу қажеттігін жеткіземіз.
Мекен-жайымыз: Түркістан қаласы, Тәуке хан көшесі, 100
Байланыс: +7 (702) 102 12 81
Эл.почта: taldau_13@mail.ru
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына Бірге тосқауыл болайық!

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444