САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҚАЛАНЫҢ ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫ БОЙЫНША ОРЫНДАЛУЫ

«Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» Сайлауалды бағдарламасын Шымкент қаласында жүзеге асыру бойынша бекітілген Жол картасының орындалу барысына сәйкес қаланың құрылыс саласы бойынша келесі жұмыстар атқарылуда:
(1) Тұрғын үй құрылысының қарқынын арттыру: Сайлауалды бағдарламаға сәйкес 2021 жылдың қорытындысымен тапсырылатын тұрғын үй ауданы 2020 жылдан (649,1 мың ш.м.) 11,8%-ға арттыру көзделген. Бүгінгі таңда Шымкент қаласында жалпы тапсырылған тұрғын үйлер 917,8 мың ш.м. құрап, Жол карта көрсеткіші артығымен орындалған. Жыл қорытындысымен тапсырылатын тұрғын үй көлемін 1 млн. ш.м. жеткізу жоспарлануда.
(2) 60 мың тұрғынға арналған заманауи көппәтерлі үйлер мен «Шымкент сити» және «Тұран» шағын аудандарындағы ойын- сауық орталықтарынынң құрылысы: Шымкент қаласының Шымкент-сити шағын ауданында 784 пәтерлік 9 үйдің құрылысы «Shymkent ӘКК» АҚ арқылы жеке инвесторлар есебінен жүргізілуде. Қазіргі таңда, 420 пәтерлі 6 тұрғын үй құрылысы аяқталып пайдалануға тапсырылды. Қалған 364 пәтерлі 3 тұрғын үй жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда.
Шымкент қаласының Тұран шағын ауданында 1880 пәтерлік 29 тұрғын үйдің құрылысы бағалы қағаздарды (облигацияларды) сату есебінен жүргізілуде. Оның ішінде 1 416 пәтерлі 20 үй пайдалануға берілген. 144 пәтерлі 3 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, қазіргі таңда қабылдау актісі рәсімделуде. Қалған 320 пәтерлі 6 тұрғын үй 2022 жылға өтпелі.
(3) 3 млн. ш.м. немесе 47 мың пәтер салу: 2021 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында бюджет есебінен 287,1 мың шаршы метр құрайтын 4 832 пәтерлі 79 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде:
-арендалық 26 үй (1 656 пәтер);
-кредиттік 53 үй (3 176 пәтер).
Жалпы бөлінген қаржы 27,5 млрд.теңге.
Сонымен қатар, «Shymkent ӘКК» АҚ арқылы жеке инвесторлар есебінен 784 пәтерлік 9 үйдің құрылысы жүргізілуде.
(6) 42 мектеп құрылысы: Ағымдағы жылы бюджет есебінен 9 нысанның құрылысы жүргізіліп, жыл қорытындысы бойынша 4 нысан пайдалануға тапсырылды. Олар:
— Шымкент қаласының Тұран ықшам ауданында 1200 орынға арналған мектептің құрылысы;
— Тоғыс тұрғын алабында орналасқан № 120 жалпы орта мектепке 300 орындық қосымша оқу корпусының құрылысы;
— Сайрам тұрғын үй алабындағы 300 орындық мектеп құрылысы;
— Сайрам тұрғын үй алабы аумағында орналасқан: Жалпы алаңы 3,5 га өз жер учаскесінде бастауыш 10 сыныпқа 120 орындық қосымша құрылысы.
Сонымен қатар, жеке салушылар есебінен 21 мектеп құрылысы пайдалануға берілген.
​(52) Зообақ және Дендросаябақты жаңарту: «Шымкент қаласындағы дендропаркті абаттандыру, вело және жаяу жүргіншілер жолақтарын орнату және жарықтандыру» нысанының құрылысы аяқталып, 24.12.2020 жылғы №109 қабылдау актісімен пайдалануға берілген және «Шымкент қаласы, қолданыстағы мемлекеттік зоологиялық саябағын қайта құру (Азия құрлығы)» нысаны құрылысы аяқталып, 19.02.2021 жылғы №2 қабылдау актісімен пайдалануға берілген.
​Сонымен қатар, «Шымкент қаласы, қолданыстағы мемлекеттік зоологиялық саябағын қайта құру (Азия құрлығы)» нысаны құрылысын бастауға 2022 жылғы жергілікті бюджет есебінен 387,1 млн.теңге қаржы қарастырылған.
​(101) 3 саябақтың құрылысын жүргізу: Еңбекші ауданында, №1 автожол бойында және Қасірет мемориалының жаны: №1 автожол бойында және Қасірет мемориалының жаны нысандары құрылысы аяқталып, пайдалануға тапсырылған. Ал, «Шымкент қаласы, Еңбекші ауданындағы саябақтың құрылысы» нысанының құрылысы ағымдағы жылы басталып, 2022 жылға өтпелі. Жоспарға сәйкес 2022 жылы тапсыру қарастырылуда.

 

Шымкент қалалық мәслихатының, «Nur Otan» партиясының депутаты, фракция мүшесі Байкен Аширбаев

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444