ПАРАСАТ ЖОЛЫ – АДАЛДЫҚ ЖОЛЫ

Мәдениет, әдебиет және руханиятты негізге ала отырып, келелі әңгімелер арқылы қоғамда парасаттылық идеологиясын қалыптастыру мақсатында қалалық кітапханаларда «Парасат жолы» орталықтары жұмыс жасауда.

Аталған орталықтарда тұрақты түрде түрлі форматтағы шаралар ұйымдастырылып, жастармен парасаттылық құндылықтары талқылануда.

Кезекті іс-шара Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесіне қарасты №8 кітапхана бөлімшесінің «Парасат жолы» орталығында ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы  аясында қазақ ханы, қолбасшы және дипломат Абылай ханның туғанына 310 жыл толуына орай «Абылай — Алаш рухының айбыны» атты тарихи сағаты өтті.

Кездесуде ұлы ханның өміріне шолу жасалып, қазақ хандығын нығайту жолындағы қызметі баяндалды.

Сонымен қатар, №12 кітапхана бөлімшесінің ұйымдастыруымен, адалдық, адамгершілік, әділеттілік қағидаларын қалыптастыру мақсатында жас оқырмандардың қатысуымен «Жемқорлық індет — аластау міндет» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Оқушылар жемқорлыққа қатысты өз ойларымен бөлісіп, адалдық құндылықтары жайында пікір алмасты.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444