ТУҒАН ӨЛКЕ ТУЫН КӨККЕ КӨТЕРІП ЖҮРГЕН АЗАМАТ

Ер азамат ежелден елдің тірегі, қорғаны болған. Қаншама жылдар өтсе де, қазақ халқының басынан өткен небір зұлмат, ауыр кезеңдер ұмытылмақ емес. Қиын сәттерде елді, жерді сақтап қалған сол ер-азаматтар емес пе? Бүгінгі бейбіт заманда да халық алдымен елім деген ер азаматтарға сенім артады.
Аллаға шүкір, еліміздің өсіп-өркендеуіне өзіндік үлесін қосып жүрген азаматтар жеткілікті.
Қазақта «Жеріне қарай елі, еліне қарай ері туады» деген тәмсіл бар. Қай жерде кездесе қалсаңыз да үнемі сергек жүретін, жымия сәлемдесіп, жылы жүзбен адамды бауырына тартып тұратын қайырымды азамат Байкен Әшірбайұлын қала жұртшылығы жақсы біледі десем, қателеспеймін. Қиын кезеңде жағдайы төмен отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, көпбалалы аналарға көмектескен ел ағасының қайырымын ел қалай ұмытсын?!
Қашанда ізгілік пен қайырымдылықты ту етіп, адамгершілік пен адами асыл қасиеттерді жүрегінде сақтайтын Байкен Әшірбайұлы «Nur Otan» партиясының «30 игі іс» қайырымдылық марафоны аясында өз қаржысына Қасиетті Рамазан айында 550 отбасыға азық-түлік үлестіріп бергені ізгіліктің анық көрінісі екені сөзсіз.
Адам өмірі баспалдақ сияқты. Бір жақсы қадам жасасаң, бір баспалдақ жоғары шығып, тағы да алдыға ұмтыласың. Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі Байкен Әшірбаевтың ел алдындағы беделі, абыройы қашан да жоғары бағаланып келеді. Халыққа жасаған жақсылығын айта берсең, том-том кітаптар жазылуы мүмкін.
Әрине еңбектері, қайырымды істерінің бәрі де елеусіз қалмады. «Қайырымдылық керуені» жобасы аясында Байкен Әшірбайұлы Нұрсұлтан Назарбаев қорының директоры Дариға Назарбаеваның Алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ, «Жомарт жүрек» сыйлығының аудандық, қалалық және республикалық «ТУҒАН ӨЛКЕ» номинациясына ие болды.
Қайырымдылық пен адамгершілік егіз, бірінсіз – бірінің бар болуы, оның болмысқа айналуы мүмкін емес. Біз әрқашан Байкен Әшірбайұлын мақтан тұтамыз! Жұмысына сәттілік тілейміз!

©️ Қазақстан Журналистер одағының мүшесі,
Асхат Әссанди

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444