Кезекті адалдық сағаты жазушы, «Алаш» Халықаралық сыйлығының лауреаты Мархабат Байғұтпен өтті

Жастардың арасында парасаттылық идеологиясын насихаттау және терең білімнің маңыздылығын түсіндіру мақсатында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен жүйелі түрде «Адалдық сағаты» науқаны өткізілуде.
«Адалдық сағатының» негізгі мақсаты — өскелең жас ұрпақтың өн бойына адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіруге және жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру.
Кезекті жалпыреспубликалық «Адалдық сағаты» науқанында М.Байғұттың «Өмірлік ұстанымдары — Адалдық.Әділдік» тақырыбындағы бейне-дәріс әзірленді.
Жастар назарына ұсынылған кезекті дәріс жазушы, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Алаш» Халықаралық сыйлығының лауреаты Мархабат Байғұттың «Өмірлік ұстанымдары — Адалдық.Әділдік» тақырыбымен аталып, жас ұрпақтың әділ, әрі парасатты тұлға болып қалыптасуларына бағытталды.
Бейнедәрісті Түркістан облысы бойынша 5 — 11 сынып оқушылары бойынша жалпы 70 мыңға жуық жасөспірім тамашалады.
Кезекті «Адалдық сағатын» әзірлеген Агенттіктің Түркістан облысы бойынша Департаменті білім беру саласы — ел ертеңін қалыптастыруда айрықша маңызға ие екендігін және жемқорлық көріністері жиі ұшырасатын саланың бірі екендігін назарға ала отырып, бүгінгі күні облысқа қарасты 903 мектеп пен 68 кәсіптік-техникалық білім беру ошақтарында және 2 жоғары оқу орнында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Адал ұрпақ», «Саналы ұрпақ», «Парасаттылық мектептері» сынды жобаларды сәтті жүзеге асырып келеді.
Айта кетсек, тұңғыш рет 2019 жылдың 2 қыркүйек күнінен бастау алған «Адалдық сағаты» бүгінгі күнге дейін ұлы кемеңгерлердің даналық ойларына негізделе отырып, дәстүрлі түрде республика көлемінде өткізіліп келеді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444