Жетістіктерді саралады – 2

Түркістан облысына күнгей мен батыс аймақ арасындағы байланысты арттыру мақсатында делегация келген болатын. Негізгі мақсат екі облыс арасында экономикалық әріптестік орнату, сауда саттықты арттыру, тәжірибе алмасу. Ержан Алтаев, Орал ӘКК ҰК басқарма төрағасы: «Түркістан мен Батыс Қазақстан облысы қарқынды дамып келе жатқан облыстардың бірі. Елбасының тапсырмасы бойынша өңіраралық кооперацияны дамыту бастамасы көтерілгені белгілі. Осыған орай екі облыс арасында меморандумға қол қойылды. Делегация құрамында ірі инвесторлар, ірі кәсіпорын иелері бар. «Шымкентцемент» зауыты мен «КПО» компаниясы арасында келісімшарт түзілді. Енді «Шымкентцемент» Орал өңірін цементпен қамтамасыз ететін болады. Күнгейдің индустриялды аймақтарды аралап жатырмыз. Үлгі алатын тұстар жетерлік». Батыс Қазақстан облысы Ресейдің 5 облысымен шектесетіні белгілі. Оңтүстіктің кәсіпкерлерін шақырып, аталған облыста зауыттарын ашуға үндеу тастады. Осы арқылы Еуразиялық экономикалық аймағының нарығына шығуды көздеп отыр. Бұл өз кезегінде екі облыс үшін де экономикалық жағынан өте тиімді болары сөзсіз… Бұдан кейін оралдық делегаттар мотор майын шығаратын «HILL корпорейшн» және «Әлем БТ» өндіріс орындарын аралап, жетістіктерді саралап, өз бағаларын берді.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444