Инвестициялық жоба дайындалды

Түркістан облысындағы Келес ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімі А.Есбаевтың төрағалығымен жиын өтті, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасары, аппарат басшысы, бөлімше басшылары, және тиісті мамандар, ауыл, ауылдық округтердің әкімдері, ветеринария бөлімінің басшысы, ауылдық ветеринария пунктердің меңгерушілері, АІІБ ЖПБ басшысы, аудандық (РЭС) электр жүйелері мекемесінің басшысы, аудандық аурухана басшысы және аудандық емханалардан аға дәрігерлері қатысты. Мәжілістің күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. Аудан аумағында аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу, болдырмау мәселе қаралды. Аудан аумағындағы жарықтандыру, жарықпен қамтамасыз ету жұмыстары туралы.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша Сарыағаш аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы С.Оразымберовтың аудан аумағында аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу, болдырмау жайлы атқарылып жатқан және атқарылу керек болған мәселелер туралы баяндамасы тыңдалды. Күн тәртібіндегі келесі мәселе аудан аумағындағы жарықтандыру, жарықпен қамтамасыз ету жұмыстары бойынша «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің Келес аудандық электр жүйелері мекемесінің басшысы Б.Молдабеков баяндама жасады. Баяндамада Келес ауданы бойынша біршама жерлерде жоғары және төменгі кернеудегі электр желілері мен қондырғыларының тозығы жеткені және осы бағыт бойынша «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС-і тарапынан инвестициялық жоба дайындалып, біршама жұмыстар атқарылып жатқаны бойынша айтып өтті.
Мәжілісті қорытындылаған аудан басшысы көтерілген мәселелерге қатысты ауыл, ауылдық округтердің әкімдері, бөлім басшыларына тиісті тапсырмалар берді.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444