80 мың тонна ақ ұлпа жинап алуды жоспарлауда

Бүгін ҚР Премьер-министрінің орынбасары — ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысына жасаған жұмыс  сапары кезінде Мақтаарал ауданына да ат басын бұрды. Мақталы өлкедегі ауыл шаруашылығы саласының даму барысымен танысқан министр бірнеше нысандарды аралап көрді.
Ең алдымен министр Достық ауылдық округі, Гүлістан ауылындағы «Дармон» шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Қожалық басшысы Даврон Туйматов биыл 46,38 гектар жерге егін еккен. Оның 5 гектары дәндік жүгері болса, қалған 41,38 гектары мақталық алқап. 15 адамды жұмыспен қамтып отырған «Даврон» шаруа қожалығының техникалық жағдайы да жақсы. Атап айтқанда, 2 дана Алтай (Т-4), 2 дана МТЗ, 1 дана мақта теру комбайны, 3 дана тіркемесі бар.
Жалпы Мақтаарал ауданында 38 593 гектардан аса жерге мақта шиті себілген. Биыл орташа есеппен гектарынан 21-24 центнерден өнім алу көзделіп отыр. Бүгінде аудандағы мақта қабылдау бекеттеріне 20 мың тоннадан астам ақ алтын келіп түскен болса, диқандар терім біткенше 80 мың тонна ақ ұлпа жинап алуды жоспарлауда. Ол үшін 365 терімшілер бригадасы, 100-ге жуық комбайн мақта теру науқанына жұмылдырылған.

                                           Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444