Ауыл шаруашылығына инвестицияның берері мол

Түркістан облысы үшін инвестициялық форумның берері көп. Өңірдегі ауылшаруашылығы саласына байланысты жылыжай кешендері, қарқынды бақшалар мен агропарктер, сондай-ақ, машина жасау, жеңіл өнеркәсіп пен инфрақұрылым бағыттарына инвестиция тарту жұмыстары атқарылатынын жеткізді. Әсіресе, инвесторлар өңіріміздегі кен орындары мен өнеркәсіптерді игеру бойынша жаңартылатын энергия жобаларына қызығушылық танытуда. Іс-шараға келетін қонақтардың барлығымен алдын-ала келіссөздер жүргізілген, әр компания инвестициялық жобаларды іске асыруда сәтті тәжірибеге ие және өз саласының көшбасшысы болып табылады.
Форум барысында логистика, туризм және агроөнеркәсіптік кешенге қатысты мәселелер қаралатын болады. Жалпы инвестициялық бағыт бойынша 250 астам қонақтардың келуі күтілуде. Іс-шараның шетелдік қатысушыларының басым бөлігін Еуропалық Одақ компаниялары құрайды. Олардың қатарында жеке инвесторлар, халықаралық трансұлттық компаниялардың өкілдері, инвестициялық қорлар, қыржы институттары мен банк басшылары.
Айта кетейік, 2017 жылы Түркістан қаласына 1,2 млн. турист келсе, 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында 700 мыңнан астам шетелдік қонақ болған. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 60 пайызға артқан.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444