“NUR OTAN” ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНДА ФРОНТ-ОФИС АШЫЛДЫ
«Nur Otan» партиясы Шымкент қаласы филиалының төрағасы, қала әкімі Мұрат Әйтенов пен қалалық мәслихат хатшысы Бахадыр Нарымбетов партия жанындағы Фронт-офистің ашылу жиынына қатысты.
«Nur Otan» партиясы Шымкент қаласы филиалының төрағасының орынбасары Жанар Әлібекқызы кеңсенің атқаратын қызметі және қоғамдық қабылдау бөлмесінің атқаратын негізгі қызметімен таныстырды.
Аталған фронт-офистің негізгі мақсаты – қала тұрғындарына онлайн түрде қызмет көрсету, азаматтардың өтінішін қарау, тіркеу және өңдеу болып табылады. Қоғамдық қабылдау қызметкерлерімен қоса аудандық филиал қызметкерлері фронт-офистің коңырауларын қабылдап, өтініштерді тиісті мемлекеттік мекемелерге жолдау арқылы шұғыл жауап беруді ұйымдастырады.
Азаматтардың өтініштеріне әр сала маманы, мәселен: құқық қорғау органдарының қызметкерлері, прокуратура, полиция департаменті, әділет департаменті, адвокаттар алқасы, медиатор орталығы және жергілікті атқарушы орган мамандары тиісті сұрақтарға жауап береді.
Сондай-ақ «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы сайлауалды бағдарласы бойынша бекітілген Жол картасына сәйкес 9 айлық атқарылған іс-шаралардың орындалуын баяндады.
Жиын барысында, Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрайымы, қалалық мәслихаттың депутаты Қожамжарова Дария Пернешқызы және аймақты дамыту өңірлік қоғамдық кеңесінің төрағасы Сатқанбаев Еркін Тұрниязұлы баяндама жасады.