ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ
Қалада 71 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектілері бар. Онда 153,1 мың адам жұмыс істейді.
Бүгінде қалада кәсіпкерліктің жалпы өнімдегі үлесі 31 пайызды құрайды, бұл әлі де аз.
Дамыған елдерде бұл көрсеткіш 50 пайыздан асады. Біз осыған ұмтылуымыз қажет.
Осы мақсатқа жету үшін «Nur Otan» партиясының бастамасымен:
➢ Жастар мен әйелдер кәсіпкерлігін дамыту мақсатында «Мен кәсіпкер боламын» атты өңірлік іс-шара іске асырылады;
➢ Алдағы 5 жылда 100-ден астам жастар мен әйелдерге жеңілдетілген несие беріледі;
ЖЫЛ САЙЫН 20 АДАМ!
➢ «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы шеңберінде 5 жылда 500 кәсіпкерге қолдау көрсетіледі.
ЖЫЛ САЙЫН КЕМІНДЕ 100 ЖОБА!
➢ «Еңбек» жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының аясында 5 ЖЫЛДА 300 ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІСІНЕ қолдау көрсетіледі.
ЖЫЛ САЙЫН КЕМІНДЕ 60 ЖОБА!
➢ Кәсіпорындарда еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз етіп, жұмыс берушілердің әлеуметтік кепілдіктер беруіне қоғамдық бақылау күшейтіледі;
➢ Әкімшілік кедергілерді болдырмау үшін «Бір терезе» қағидасы бойынша «Бизнеске арналған Үкімет» жобасы іске асырылады.
Нәтижесінде осы салада жұмыспен қамтылғандар саны 159,4 мың адамға дейін артатын болады.
«Nur Otan» партиясының
Шымкент қаласы бойынша
Сайлауалды бағдарламасынан!
Шымкент қалалық мәслихат депутаты Аширбаев Байкен