Отандық «Моцарелла» ірімшігі шығарылмақ -2

Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданындағы «Асыл тұқымды шаруашылық. Ордабасы ешкі сүт өнімдері» кооперативі бүгінде ісін өрге өрлетіп келеді. Ешкі сүтін инновациялық тәсілмен өңдеп, өнім өндіріп отырған өндіріс орнының өніміне сұраныс артып келеді. Алдағы уақытта кәсіпорын Италия елінің жаңа технологиялы құрылғыларымен қамтылып, сауын процесі мен сүт өңдеу процесі толығымен автоматтандырылатын болады. Осының нәтижесінде ірімшік және моцарелла ірімшігін жасауды жоспарлап отыр. Ешкі сүті — анемияда, тағамдық аллергияда, туберкулезде, асқазан, ішек-қарын жолдарының ауруларында, диабетте, диатезде, ағзаның қорғаныс қызметін арттыруда, ағзадан ауыр металдардың тұздары мен радионуклидтерді шығаруда және көздің нашар көруінде пайдалы екен.  Сондай-ақ, ешкі сүтінде кальций, магний, фосфор, марганец, мыс, А, В1, С және Д дәрумендері мен аскорбин қышқылы бар. Сүті мол ешкі малынының басын көбейту де жоспарда бар. Өндірісті ұлғайтқан соң жаңа жұмыс орындарын ашу да жоспарда бар. Бүгінде мұнда жұмыс атқарып жатқанардың барлығы да ауыл тұрғындары. Осында екі қолға бір күрек тауып, әлеуметтік жағдайын көтеруде.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444