Инновациялық технология жасалған

Бүгінде Түркістан облысында топырақ құнарлылығын арттырып, майлы дақылдардың өнімділігін арттыру үшін инновациялық тың тәсілдер қолданылуда. «Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысының суармалы жерлерінде күздік бидай мен майбұршақты жалға өсіру технологиясы» негізінде жүзеге асырылмақ. Аталмыш жобаның жетекшісі ҚР АШҒА академигі, профессор Атақұлов Т.А., қосалқы жетекшісі а.-ш.ғ.к., доцент Ержанова К.М. Ауылшаруашылық дақылдарын өсіру үшін тұрақты жалдарды пайдалану негізінде, инновациялық технология жасалған. Технологияның мәні, астық дақылдарын өсіру негізінде қалыптастырылған жалды, бес және одан көп жылдар бойы күздік бидай, майбұршақ және басқа дақылдарды тікелей себу үшін пайдаланады, сөйтіп топырақ құнарлылығы сақталады, жер және су қорларын тиімді пайдаланады және материалды-техникалық шығындар азаяды. Жобаны енгізу суарылатын суды 30-40% үнемдеуді, минералдық тыңайтқыштардың нормаларын пайдалану коэффициенттерін жоғарылату есебінен кемітуді, ауылшаруашылық дақылдардан өсіру шығындарын кеміту және бидай дәні мен майбұршақтан 5-7 ц/га қосымша өнім, 1 га суармалы егістігінен 20-25 мың теңге қосымша пайда алуды қамтамасыз етеді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444