ШЫМКЕНТ: ЖАСТАР АРАСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ДЕБАТ ӨТТІ
«Саналы ұрпақ» жобасы аясында «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі Жастар ресурстық орталығымен бірлесе Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің белсенді студент жастары арасында «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында пікірсайыс өткізді.
Басты мақсат – білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жастар бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, парасаттылық құндылықтарын дәріптеу, жаңа идеялармен бөлісу болып табылады.
Пікірсайысқа белсенді жастардан құралған топтар қатысып, пікірсайыс барысында студенттер сыбайлас жемқорлыққа байланысты өзекті мәселелерді талқыға салып, қоғамдағы тұрмыстық сыбайлас жемқорлық көріністерінің түйіткілді проблемаларын алға тартты. Сонымен қатар, оларды шешу жолдары бойынша өз ойларымен бөлісіп, шетелдегі озық тәжірибелерді елімізде тарату бойынша мәселелерді көтерді.
«Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Жани Қамбар аталған шара студенттерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеуге, олардың заңнаманы сақтау бойынша құқықтық санасы мен мәдениетін қалыптастыруға, дамытуға септігін тигізетініне сенім білдірді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша пікірсайысқа қатысқан жастар жан-жақты ізденіп, бір-бірінен қалыс қалмай, жемқорлықтың алдын алудағы жастардың рөлін көрсете білген.
Пікірсайыс қорытындысы бойынша үздік деп танылған спикер жастар алғыс хаттармен марапатталды.