«Жас кәсіпкер» жобасы бойынша 1405 азамат оқу сертификатын алды
Бүгінде кәсіпкер болуға ниеті бар жастарға түрлі бағдарламалар ұсынылып келеді. Солардың бірі -«Жас кәсіпкер» жобасы. Бұл жоба нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының төртінші бағыты негізінде жүзеге асырылып отыр.
Мәселен, аталған жоба бойынша Шымкент қаласында 1400 орын бөлінген. Оқуға үміт артып 1497 жас өтініш білдірген. Бүгінгі таңға нақты 1405 азамат оқуын тәмамдап, бағдарлама шеңберінде оқығаны жөнінде куәліктерін алған.
Дәурен ДҮЙСЕБАЕВ,
Шымкент қаласы әкімдігінің
Халықты жұмыспен қамту орталығының
баспасөз хатшысы