ШЫМКЕНТТЕГІ КІТАПХАНАЛАРДА «ПАРАСАТ ЖОЛЫ» ОРТАЛЫҚТАРЫ АШЫЛДЫ
Бүгін Орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесінде «Парасат жолы» орталығының салтанатты ашылуы өтті.
Ашылу салтанатына жазушы, журналист, қалалық ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі Мархабат Байғұт, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Талғар Серікбаев, Қазақстан Жазушылар одағының Шымкент қалалық филиалының директоры Бахадүр Жеңіс, қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқарманың басшысы Ханзада Есенова, ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі Сәкен Мәжінбеков, «Halifa Al-Nahaian Aqmeshıtı» орталық мешітінің бірінші найб имамы Мұсабек Ақтамберді, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Жани Қамбар, қаладағы белгілі ақын,жазушылар мен ақпараттық-ағартушылық штабының мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты.
Шараны жүргізген ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі Мархабат Байғұт қолға алынған жобаның мақсаты мен міндетін, шақырылған қонақтармен таныстырып, отырыс барысында «Парасаттылық жолы» орталығының төрағасын тағайындауды ұсынды.
«Парасаттылықтың қайнар көзі – қазақтың көркем әдебиеті» деген белгілі жазушы Мархабат Байғұт, осы көркем әдебиет арқылы бірлесе парасаттылықты дәріптеуде Орталық маңызды рөл атқаратындығына сенімін білдірді.
Өз кезегінде Департамент басшысының бірінші орынбасары Талғар Серікбаев Агенттік Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп еліміздің аумағында «Парасат жолы» орталығын ашу бастамасын қолға алғандығын айтты.
«Жаңадан қолға алынған жоба адалдық пен парасаттылықты, ізгілік пен әділдікті дәріптеп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің мәнін түсіндіруге бағытталған. Кітапхана қабырғаларынан ашуымыздың да себебі мәдениет, әдебиет және руханиятты негізге ала отырып, келелі әңгімелер арқылы қоғамда парасаттылық идеологиясын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлу» — деді Т.Серікбаев.
Шымкент қаласына қарасты 5 кітапхананың барлығында «Парасат жолы» орталықтары ашылды.
Шараға қатысушылар онлайн түрде Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасындағы орталықтың ашылуына куә болды.
Парасаттылық құндылықтары дәріптелген жиын барысында «Парасат жолы» орталығының жетекшісі ретінде Қазақстан Жазушылар одағының Шымкент қалалық филиалының директоры Бахадүр Жеңісті тағайындап, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Сонымен қатар, шарада қаланың жас ақын, термешілері парасаттылық бойынша өз шығармаларын қатысушылардың назарына ұсынды.
Шара қорытындысымен «Парасат жолы» орталығының ашылуына қатысты ойларымен ақын, К.Симонов атындағы сыйлығының иегері Нармахан Бегалы, фантаст жазушы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Исақ Сарманбай , ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі Сәкен Мәжінбеков, Штаб мүшелері Ақжол Қалшабек, Қайрат Анарбаев бөлісті.