ҚАЙЫРЫМДЫ ҚАЛА — ШЫМКЕНТ ӘКІМІ КҮЛИЯ АЙДАРБЕКОВАНЫ ҚАБЫЛДАДЫ
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов қалалық «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Күлия Айдарбекованы қабылдады.
Қайырымды қала әкімі Оңтүстік өңірінің мәдениет саласына қосқан үлесі үшін К.Айдарбековаға алғысын айтып, сый-сияпат жасады. Ерлан Қуанышұлы, сонымен қатар, мәдениет қайраткерін бүгін алған «Төлеби ауданының құрметті азаматы» атағымен құттықтады.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Шымкентте атқарылып жатқан жұмыстың барысына тоқталған шаһар басшысы жазушының қазақ әдебиетіне қосқан сүбелі үлесін де ерекше атап өтті.
Кездесу барысында Күлия Смайлханқызы еңбек жолында мәдениет саласында атқарған жұмысын баяндап, шығармашылық жоспарымен бөлісті.
Тараптар келер жылы аталып өтілетін Әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойлары мен Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өту жайында сөз қозғап, «Шымкент — Достастықтың 2020 жылғы мәдени астанасы» жылында өткізілетін іс-шаралар жоспары бойынша пікір алмасты.