Қашықтықтан оқу жағдайында қолданысқа енген эллипсис сөздер

Қашықтықтан оқу үдерісіне қазіргі таңда оқушы, мұғалім және ата-ана да бой үйренген секілді. Білім білім алушылар үшін берілуде. Қашықтықтан оқудың өзіндік қиындықтары туралы айтылып, жазылып та жүр.

Көптеген ата-аналар балаларының білімдерінің таязданып бара жатқанын да дабыл қағып айтуда. Бірақ пандемия кезінде мүғалімдер бар шығармашылық әлеуеттерін кеңейтіп, сабақтарды жүргізуде. Әр мүғалім оқушыға сапалы білім беру үшін теориялық білімі және әдістемесін жетілдіру қажет болса, ал дәл осы уақытта ақпараттық сауаттылықтың артуына айрықша мән берілуде. Заманауи технологияны озық меңгерген жастарға сіңімді білім берудің ерекше жолдарын қарастырып, практикада қолдануда.

Қашықтықтан оқу жағдайында мүғалімдер мен оқушылардың сөздің қорларында эллипсис сөздерде қолданылуа.

Эллипсис дегеніміз не?

 

Эллипсис –кемшілік, жетіспеу сөйлеуде не мәтінде тілі бірлігінің жетіспеуі, әдейі түсіріліуі. Синтаксистік ұғымның толық еместігі.  Эллипсис әдетте ауызекі сөзде кездеседі.

Тілдік бірліктердің бірі үнемдеу заңдылығы тіл ғылымында тілдегі экономия заңы немесе ықшамдау тенденциясы деп те аталынып жүр.

Үнемдеу заңдылығы дегеніміз – тілдік тұлғалардың ықшамдалуы және тілдің басы артық құбылыстардан арылуы. Дәл осы құбылыс айтылар ойды анағұрлым жеңілдетеді, тілге нақтылық көрік береді.

Тілдің дыбыстау жүйесінде бұл заңдылық редукция, элизия түрінде көрінсе, ал грамматикада сөздердің эллипсистенуінен, интеграциялық құбылыстардан танылады. Сөз тіркестерінің, сөйлем мүшелерінің ауысуында, үнемдеудің амал-тәсілі ретінде эллипсистің атқаратын қызметі ерекше. Ықшамдалған тілдік тұлғалар айтылар ойға ешбір нұқсан келтірмейді.

Ықшамдалу, яғни эллипсистену тілде толымсыз сөйлемдердің жасалуына себепші болады. Толымды және толымсыз сөйлемдер бір-бірінен мүшелерінің санына байланысты ғана емес, сонымен қатар стильдік белгілері арқылы да айрықшаланады. Тұрлаулы я тұрлаусыз мүшелерінің біреуі не екеуі контекске байланысты түсіп қалып, оның түсіп қалғандығын көрші не алшақ тұрған сөйлемдерге қарап білуге болатын толымсыз сөйлемдердің басты қызметі – лебізді үнемді құрып, коммуникацияны оңай,жеңіл ету. Ал сөйлемнің толымсыздығын тудыратын негізгі факторлар: контекст, ситуация, интонация және экстралингвистикалық факторлар. Толымсыз сөйлемдер аз сөзбен көп ойды нақты, тұжырымды жеткізуге мүмкіндік беріп, тілді қысқалықпен және нақтылықпен қамтамасыз етеді, сөйлеу процесіндегі жүйелі жалғасушылықты көрсетеді. Берілген сөйлем мазмұнының толымсыз болуына барлық сөйлем мүшелері (бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш) себеп болады. Сөйлемде түсіріліп, оны толымсыз етіп тұрған сөйлем мүшесінің орнын іргелес не алшақ  сөйлемдердегі бір сөз не болмаса тұтас контекст мазмұны толықтырып тұруы да мүмкін.

Осы құбылыс айтылар ойды анағұрлым жеңілдетеді, тілге нақтылық көрік береді.

Айтылар ойға ешбір нұқсан келтірмейді.Үнемдеу заңдылығы тілдің барлық заңдылығын қамтитын құбылыс.Бұл заңдылықтың негізі – ойды мейлінше қысқа жеткізу. Сонымен, ықшамдалу — аз сөзбен көп мағына берудің басты тәсілдерінің бірі. Ықшамдалуға ұшыраған сөйлемдер тілде ерекше стильдік жүк арқалайды. Оларды тереңірек зерттеу – алдағы күннің ісі.

Мирамкүл Жеткербайқызы ЖӨЛЕКЕШ, 
Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кенті
Б. К. Мергенбаев атындағы №226 мектеп-гимназияның
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444