ШЫМКЕНТТЕ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ 80 ПАЙЫЗЫ ЖАҢАРДЫ

Шымкент қаласында биыл 417 шақырым жолда құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 88 шақырым магистралды, 329 шақырым ішкі орамдық көшелер. Сондай-ақ, шаһарда көлік кептелісін болдырмау мақсатында 4 ірі жолайрықтың құрылысы жоспарланып, осы жылы біреуінің құрылысы басталды.

Бұл туралы Нұр-Сұлтанда Президент жанындағы ОКҚ алаңында өткен баспасөз брифинг барысында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов айтты.

– Осы жылы 4 көпірде қайта құру жұмысы жүргізіліп, 4 көпір күрделі жөндеуден өтті. Осындай жұмысдардың нәтижесінде, жақсы және қанағаттанарлық жолдардың үлесі жыл соңына дейін 60 пайызға жететін болады, -деді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Спикердің айтуынша қалада жолаушыларға ыңғайлы жағдай жасау үшін, ағымдағы жылы газбен жүретін 590 жаңа автобус әкелініп, қаладағы автобус парктерінің 80 пайызы жаңарған. Сонымен қатар, қоғамдық көліктерге «Төлем» электрондық билеттендіру жүйесі енгізіліп, 260 аялдама орнатылған.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444