ШЫМКЕНТ: ҚАРДЫҢ САЛДАРЫНАН БОЛҒАН ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ РЕТТЕЛУДЕ

Шымкентте 8 сәуірде жауған қардың салдарынан қалада 100-ге жуық ағаш құлап, 30-дан астам автокөлік зақымданды. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар​ департаменті хабарлады.
Қалада электр қуатынсыз қалған 8 мыңға жуық абонентті жүйеге қайта қосу бағытында авариялық қызметтер үзіліссіз жұмыс істеуде.
Қардың салдарынан туындаған апат зардабын реттеуге ТЖ департаменті тарапынан 80-нен астам маман мен 20-ға жуық техника жұмылдырылған. Сондай-ақ, бұл жұмыстарды қаладағы өзге де авариялық қызметтер тынымсыз атқаруда.
Қазірге дейін алғашқы 1500 абонентке электр қуаты берілді. ​
Қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444