Этносаралық қатынастардың даму тенденциясын анықтау мақсатында талдаулар жүргізуде
Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында
1 қазан күні «Достық үйі» ғимаратында этномәдени бірлестіктің төрағалары мен этникалық топтар арасында ұзақ уақыт бойы шешімін таппай жүрген мәселелерді айқындау, кризистік жағдайлардың орын алуына жол бермеу және оларды уақтылы шешу мақсатында кездесу өткізіліп, алдағы қала әкімінің бірінші орынбасары, қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарымен қазан айында өтетін Қоғамдық келісім кеңесінің күн тәртібіне енгізілетін мәселелер нақтыланды. Қазақстан Халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында атқарылған жұмыстар да қорытындыланбақ.
Сонымен қатар, Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарманың «Қоғамдық келісім» КММ-і қызметкерлері арнайы кестеге сәйкес 28 қыркүйек пен 4 қазан аралығында этностар тығыз шоғырланған 23 тұрғын алаптар мен шағынаудандардағы этносаралық қатынастардың даму тенденциясын анықтау мақсатында талдаулар, мониторингтер жүргізуде. Ұлтаралық бірлікті бекемдеу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жетерлік. Нәтижесі де ауыз толтырып айтарлықтай.