Өнім өндіруді арттыру – басты талап

Бүгінде Түркістан облысында индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде  жүзеге асырылған жобалар табыс әкелуде. Ірі кәсіпорындар табыс тауып қана қоймай, облыс қазынасын да қомақтыланудыруға септесуде. Тек облыс орталығында ғана емес аудан орталықтарында да индустриялық аймақтар ауыз толтырып айтарлықтай жетістікке жетіп отыр. Созақ ауданының индустриялды аймағында іске қосылған жобаның бірі «Сырлы Созақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктігі. Облыс орталығынан шалғайда жатқан өндіріс орны ауданның экономикасына тамшыдай болса да өз үлесін қосып келеді.  Полимерлік қалдықтарды қайта өңдейтін және төменгі қысымды құбырлар шығаратын жобаның жалпы құны 222,9 миллион теңге.  Зауыттың жылдық қуаттылығы 1 мың тонна. Кәсіпорынның өнімдерін көбіне уран өндіруші кәсіпорындар сатып алады. Өндіріс орны бүгінде аудандағы бірден бір жұмыспен қамтушы мекемелердің қатарында. «Сырлы Созақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Полимер қалдықтарын қайта өңдеу, төменгі қысымға арналған полиэтилен құбырын шығару» жобаларында шығарылатын өнім көлемі 315 миллион 200 мың теңгені құрап отырғанын да айта кеткен дұрыс. Қазіргі таңда серіктестікте 88 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. «Сырлы Созақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Полимер қалдықтарын қайта өңдеу, төменгі қысымға арналған полиэтилен құбырын шығару» жобаларында шығарылатын өнім көлемі жылдан жылға артып келеді. Алдағы уақытта өндіріс қуатын арттырып, жұмыс орындарын көптеп ашуды жоспарлап отыр.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444