Экономиканың күре тамыры
Жалпы құрылыс саласының қарқын алуы экономиканың еселей өсуінің жарқын көрінісі. Бүгінде Төле би ауданында тұрғын үйлерді іске қосу шаршы метрі 2018 жылдың 7 айында 16 705,0 шаршы метрді құрап, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 147,3 пайызға орындалды. (облыстық көрсеткіш 156,9 пайыз). Ленгер қаласындағы 5 қабатты 40 пәтерлі 1 тұрғын үйге және 5 қабатты 20 пәтерлі 1 тұрғын үйлердің құрылысына облыстық бюджеттен 235,8 млн теңге қаржы қарастырылып, 20 пәтерлі 1 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары аяқталып отыр.2018 жылдың 7 айында жалпы тұрғын үйге кезекте тұрған азаматтар саны 2 847 адамды құрап отыр. Құрылыс жұмыстарының көлемі 2018 жылдың 7айында 1 808,0 млн теңгені құрап, 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 127,9 пайызды құрады. (облыстық көрсеткіш 109,3 пайыз). «Балапан» бағдарламасы Аудан бойынша 3-6 жастағы бала саны 5326 құрап (2016 жылы 81,5 пайыз болса). Жалпы 50 балабақшада, оның ішінде мемлекеттік 28 балабақшада 2876 бала, 19 жекеменшік балабақшада 2035 бала, 21 шағын орталықтарда 415 бала, барлығы 5993 бала балабақшамен қамтылып, 87,7 % құрады. Жыл соңына дейін Екпінді елді мекенінен 100 орындық, Ханарық елді мекенінен 100 орындық, Ленгер қаласынан 100 орындық, Киелітас елді мекеніндегі «Адема» балабашасында қосымша 50 орын және Көксәйек елді мекеніндегі «Жасмина» балабақшасында қосымша 100 орын жалпы аудан бойынша 450 орын ашуға мүмкіндік болады.