Біз өз елімізді байыта және дамыта да аламыз
Қазақстан халқы Ассамблеясы 25 жылдығына орай кеше ҚХА кеңесі өткізілді. Кеңесте ҚХА Кеңесінің төрағасы ҚР Тұңғыш Президенті Н. Назарбаев сөз сөйледі. Елбасы қозғаған мәселелердің бірі мемлекеттік тілді үйренуге қатысты болды. ҚР Тұңғыш Президенті бүгінгі таңда халықтың 2/3 жуығы мемлекеттік тілді меңгергенін атап өтті. Жас ұрпақ өнеркәсіп пен экономиканың барлық салаларында өздерін таба алатындай мемлекеттік тілді үйренуі керек. Сондай-ақ мемлекеттік қызметте де қазақ тіліне жетік мамандар отыруы қажет. Елбасы Н.Назарбаев Халықтың көші-қон процестері жүріп жатқанын атап өтіп, қазақстандықтарды өз Отанынан жырақтамауға шақырды.
Адамға қайда жүрсе де, туған жерінен артық жер жоқ. Мен Нұрсұлтан Әбішұлының осы пікірімен толықтай келісемін. Яғни, қай жерде тусаң, сол жердің өсіп-өнуіне қызмет ет. Бүгінгі күні мемлекетіміз халықтың қалыпты өмір сүруіне барлық жағдайды жасап отыр және халықты жұмыспен қамтамасыз етуге тырысады. Кәсіпкерлікті дамытуға да қолайлы жағдайлар жасалған. Бірлік, бейбітшілік пен келісім — мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі, өйткені біз көп ұлттылықтың арқасында елімізді байыта және дамыта аламыз.
Асия Мухамедова,
Шымкент қаласы татар-башқұрт этнобірлестігінің төрайымы