Жастарға бос уақытын тиімді пайдалануды үйретті

Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» және  ҚХА-ның жанынан құрылған «Достық» клубының еріктілері Street-workout көше спорты бойынша «Нұрсәт» аллеясында қала тұрғындарына мастер-класс өткізді.

Мастер-класстың мақсаты — жастарды бұқаралық спортқа баулу, бос уақытын тиімді пайдалану, жастар арасында белсенді өмір салтын ұстануға ықпал жасау болып табылады.

Іс-шара барысында жергілікті жастар осы спорттық қозғалысқа қызығушылықтарын танытып, белсенділіктерін көрсетті.

Сондай-ақ, еліміздің халқын біріктіру, адамдардың тазалықты сақтауға деген көзқарасын өзгерту, қоршаған ортаны қорғау мен қоқысты қайта өңдеу қағидатын енгізу мақсатында «World Clean up day» жалпы қалалық сенбілікте Шымкент қаласы «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкерлері және «Достық» клубының еріктілері белсене атсалысты.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444