Жаңа әліпби – жаңа бастама

Облыстық тіл басқармасының ұйымдастыруымен Тараз мемлекеттік университетінде «Латын жаңғыруы –жаңа әліпби» атты семинар-тренинг өтті. Осыған дейін латын әліпбиінің мәні мен мағынасын халыққа түсіндіру мақсатында тіл басқармасы мамандары аудандарды аралап келген болатын. Енді шара оқу ордасында қорытындыланды. Онда «Тіл-қазына» ұлттық-тәжрибелік орталығының Орфография бөлімі басшысы Құралай Күдерина қазақ тілі емлесінің негізгі ережесінің жобасын түсіндірді. Сонымен қатар, жаңа әліпби құрамында жоқ әріптерді жазу емлесі талқыланды.Жиналғандарға латын негізді қазақ әліпбиін тарату акциясы өткізілді. Бүгінде латын әліпбиіне өту қазіргі жастар үшін жаңа заманауи технологияны игерудің бірден-бір жолы. «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады» – деген Елбасы латын әліпбиіне көшудің қажеттілігін қадап айтқаны белгілі. Міне, содан бері Елбасының латын қарпіне көшуі туралы Жарлығы шыққаны бері ғалымдар жұмыла жұмыс істеп келеді. Еліміздің түкпір-түкпірінде латын әліпбиіне байланысты іс-шаралар, латын әліпбиінен диктанттар жазу сайысы жиіледі. Ағартушы-педагог ғалым Ахмет Байтұрсынұлы айтып кеткендей, «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі» деген. Алаш қайраткерлері де латын әліпбиін жазу-сызуда қолданды. Бұл бізге таңсық дүние емес. Латын әліпбиі әлемде кеңінен қолданылады. Қазіргі уақытта ұялы телефондарда жарнамалар, хабарламалар латын әліпбиімен жазылуда. Сонымен қатар, интернет желісінде де латын әліпбиіне аударатын транскрипция орнатылған, бірақ орыс графикасында ғана жасалған, болашақта қазақ графикасында жасалады деген ойдамыз. Латын әліпбиіне көшуде осындай бастапқы жұмыстар атқарылып отыр.

Семинарға ішкі істер, банк, құқық қорғау саласы өкілдері және студенттер қатысты. Іс-шара соңында «Тәжірибелік психология» қоғамдық бірлестігі психологиялық тренинг өткізді.

Құралай Күдерина Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық-тәжірибелік орталығының Орфография бөлімі басшысы.

http://taraztv.kz/kz/news/society/zhana-elipbi-zhanasha-bastama

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444