ҚХА жанындағы Кәсіпкерлер қауымдастығы кеңесі аз қамтылған отбасыларға жәрдем берді

Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында Шымкент қаласы ҚХА жанындағы Кәсіпкерлер қауымдастығы кеңесінің ұйымдастыруымен қаладағы әлеуметтік аз қамтылған 100 отбасыға жыл басынан бері жалпы құны 1 млн. 200 мың теңге көлемінде азық-түлік себеттері таратылды.

«Қазақстан кәсіпкерлерінің қауымдастығы»  —  бұл Қазақстан халқы Ассамблеясының, этномәдени бірлестіктердің бизнес-құрылымдарының және «Қазақстан халқы Ассамблеясы» қоғамдық қорының қолдауымен құрылған, Қазақстан Республикасы Президентінің XVII сессияда берген тапсырмаларына сәйкес индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыруға қатысу үшін құрылған үкіметтік емес ұйым.

Қауымдастық қызметіне не жатады? Яғни, Қазақстан этностарының тарихи шығу тегі елдерінен инновациялар мен жоғары технологияларды тартуға және енгізуге қолайлы жағдай жасау; кәсіпкерлікті дамыту саласындағы мақсатты бағдарламалар мен жобаларды әзірлеуге, келісуге және іске асыруға жәрдемдесу; Қазақстан этностарының тарихи шығу тегі елдерінен шетелдік инвестицияларды тарту; этномәдени бірлестіктердің бизнесін дамыту үшін институционалды жағдайлар жасауға көмектесу болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444