«ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ» КАФЕДРАСЫ 25 ЖЫЛДЫҚҚА ДАЙЫНДЫҚ ҮСТІНДЕ
Қазақстан Халқы Ассамблеясына 25 жыл
«Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Ғылыми Кеңесінің шешімімен 2015 жылы қаңтардың 30-шы жұлдызында құрылды. Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл толуына орай кафедра түрлі семинарлар мен кездесулер, тақырып аясында түрлі кітапшалар шығаруды жоспарлап отыр.
Кафедраның негізгі мақсаты — Елбасының және Қазақстан халқы Ассамблеясының этноконфессияаралық келісім, саяси тұрақтылық, толеранттылық мәселелері бойынша саясатын жүзеге асыру болып табылады. Кафедра университеттің студенттері, профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлеріне қоғамдық-саяси, ұйымдастыру–тәрбие, ғылыми-зерттеу және оқу міндеттерін орындайтын университет бөлімі.
Кафедрадағы профессор-оқытушылар құрамы оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және шығармашылқ жұмыстарымен жан-жақты айналысады. Кафедра халықаралық, республикалық, аймақтық және университет деңгейіндегі ғылыми конференциялар, қоғамдық-саяси іс-шаралар ұйымдастырып отырады.
«Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасы Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы, «Қоғамдық келісім» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі, қалалық этномәдени бірлестіктері, «Нұр Отан» партиясы Шымкент қаласы филиалы, Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы, Шымкент қаласы Тілдерді дамыту орталығы, отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасы, ардагерлер, бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыста жұмыс атқаруда.
Кафедра меңгерушісі – заң ғылымдарының кандидаты, доцент Асхат Ералы Есеналиев. Кафедра құрамы— 7,5 штаттық бірлікті құрайды, 4 бас маман, 3-жоғары білікті маман қызмет атқарып келеді.