Байқау «Қазақтану» жобасы бойынша ұйымдастырылды

Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы және Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аясында  өткен «Ұлт үні» керуен байқауына Шымкент қаласындағы А.Навои атындағы 11 жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары да қатысты. Байқау Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Қазақтану» жобасы барысында ұйымдастырылды. Мұнда аталмыш мектептің  6 сынып оқушысы Элия Алиева ұлы Абайдың «Өзгеге көңілім тоярсың», «Ғылым таппай мақтанба» өлеңдерін нақышына келтіре мәнерлеп оқып, қазылар алқасының ұйғарымымен байқаудың екінші іріктеу кезеңіне өтті. Бойында патриоттық сезімі алаулап тұрған жас өскінге сәттілік тілейміз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444