Өзбек қызы Малика «Алпамыс батыр»жырынан үзінді оқып, ел ықыласына бөленді

Қазақстан халқы Ассамблеяының 25 жылдығы аясында өткізілген «Мен қазақша сөйлеймін» акциясына қатысушы Шымкент каласы Молда Мұса атындағы №5 жалпы орта білім беретін мектептің 7 сынып оқушысы өзбек қызы Шухратбекова Малика «Алпамыс батыр»жырынан үзінді оқып, ел ықыласына бөленді. Акцияның мақсаты – қоғамда мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, әсіресе жастар арасында заманауи түрдегі қазақша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Бауқауда студенттер мен оқушылар қызығушылық танытып, азаматтық позицияларын көрсетті. Өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін білудегі жетістіктерін үлгі ретінде насихаттау мақсатында ұйымдастырылған іс-шара облыс аумағында ары қарай жалғасады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444