«АДАЛ ҰРПАҚ» КЛУБЫНЫҢ 700-ГЕ ЖУЫҚ МҮШЕЛЕРІ БАС ҚОСТЫ

Өз заңын құрметтеп-қастерлейтін, еліне шын берілген Адал ұрпақ — Мәңгілік елдің кепілі.

Осы ұлағатты сөзді ұрандатқан Түркістан қаласының мектеп оқушыларының арасында «Адал жолды таңдаймыз» марафоны аясында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының қалалық слеті өтті.

Патриоттық шара ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті, «Түркістан – Адалдық алаңы» Жобалық кеңсесі және қалалық білім басқармасының бірлесіп ұйымдастыруымен өтті.

Жиынға «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының Түркістан қаласындағы           30 мектептің 700-ге жуық мүшелері қатысты.

Іс-шараның мақсаты — жалпы адамгершілік және ұлттық құндылықтар негізінде өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және оған қарсы тұруға дайын тұлғаларды тәрбиелеу.

Жиында сөз сөйлеген Департамент басшысының орынбасары Ғ.Асанұлы «Елдің ертеңі болашақ ұрпағымызды кішкентайынан Отан сүйгіштікке, адамдарды және дәстүрлерді құрметтеуге, білім мен еңбекке ұмтылуға, көрегенділік пен адалдыққа тәрбиелеу парызымыз. Сондықтан әрбір ата — ана, әрбір ұстаз балалар үшін лайықты үлгі болуға, нағыз қастерлі қасиеттерді таңдауға көмектесуі қажет» — екенін атап өтті.

Сондай-ақ, Ғ.Асанұлы қалалық білім бөліміне және барлық ұстаздарға оқушылардың бойына адалдық пен рухани байлықты дарытуда қосып жүрген еңбектері үшін Алғыс білдіріп, балаларға адалдық пен мейірімділік және жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруда ата-аналары мен ұстаздарынан тиісті үлгі алу керектігін, сабақтарын жақсы оқуға, тәртібі жақсы озат оқушы болуға шақырды.

Слетта сөз алған Түркістан қалалық білім бөлімінің басшысы А.Батырбекова жас буынды сыбайластықтан аулақ болуға, еліне, ата-анаға, досқа адал болуға шақырды. Сондай-ақ, «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы мүшелеріне ар-ұят, абырой, жауапкершілік, сатылмаушылық, әділеттілік, адалдық сияқты адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда жасап жатқан нақты жұмыстар туралы баяндап өтті.

Шара барысында «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клуб мүшелері шеру, флешмоб, қол өнершілер көрмесі, шахмат ойыны, сурет салудан өткен конкурс нәтижесімен анықталған жеңімпаздар граммоталар тапсырылды.

Айта кетсек, бүгінгі күні өңіріміздің жалпы білім беретін мектептерінде сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтаудағы тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға жәрдемдесетін 904 «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтары құрылып, онда 300 мыңнан аса клуб мүшелері бар.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444