«Ұлт үні» байқауы Қаратау ауданында жалғасты

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында өтіп жатқан Қазақстан халықтары Ассамблеясының «Қазақтану» жобасы бойынша түрлі этнос өкілдерінің арасындағы байқау Қаратау ауданында Шымкент өзбек драма театрында жалғасын тапты. Аталған іс шараның мақсаты — үшінші мегаполис атанған шаһарда тұратын этнос өкілдерінің арасындағы достық пен бірлікті, татулық пен тұрақтылықты нығайту. Конкурсанттар Абай мен Шəмші əндерін шырқап, түрлі өлеңдер оқыды. Байқауға ҚР Мəдениет қайраткері, Шымкент қалалық ішкі саясат жəне жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің бөлім басшысы Азиза Исаева төрағалық етті, сондай-ақ Шымкент қалалық «Ынтымақ» этносаралық мəдени орталығы қоғамдық бірлестігі төрайымы Гаухар Төлепова, əзіл -сықақ жəне сатира театрының режиссері Самат Алтаев, М.Əуезов атындағы ОҚМУ «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі Гүлнар Жанысбаева, Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасының қызметкері Таңшолпан Имантаевлар қазылық етті.

Қаратау ауданындағы байқау белгілі күйші Əбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйінен басталды. Əкелі-балалы Умаровтар қазақтың қос ішекті домбырасын керемет күмбірлете ойнағанда, көрермендер ерекше ризалықтарын танытты. Сонымен қатар этнос жастары қазақ халқының  мақал-мəтелдері, хакім Абайдың өлеңдері мен əндерін де жатқа орындады.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444