«Қызыл Жұлдыз» ордені иегері Шымкентте тұрады
Шымкенттік майдангер Абылай Қазыбаев Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, Жеңіс күнін Берлинде қарсы алған. Бозбала 17 жасында әскерге аттанып, жау қолында қалған қалаларды азат ету жолында күрескен. Абылай Қазбаев зеңбірекшілер тобында жүріп, неміс танкісіне қарсы тұра білген жаужүрек жауынгерлердің бірі. 1945 жылы 1 мамырда Кинизбург қаласын азат етуші сарбаздар сапында болған ол елге 1950 жылдың сәуір айында оралды. Ол 1925 жылы шілде айында Оңтүстік Қазақстан облысы, Қайнарбұлақ ауылында дүниеге келген. 1943 жылы Қызыл Армия қатарына алынып, Ташкент қаласындағы әскери дайындықтан өтті. 219-ші двизияның 2-ші гвардиялық-полкінде болған, Харьков, Ворошилов Украина майданында Свеостопельде, 3-ші Беларусь майданында, Латвия, Литва Кеннисбергдегі шайқастарға қатысты. 1946-1950 жылдары Пушкин Венинград Москва Немецко-Советскиді минадан тазартуға қатысты.