ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНА: САПА МЕН ҚОЛЖЕТІМДІЛІК ӘЛЕУМЕТТІК МОНИТОРИНГ

Құрметті достар!

«Әділдік және Өркендеу» қоғамдық қоры Сізді денсаулық сақтау саласындағы мәселелер мен МӘМС жүйесіне қатысты жүргізілетін әлеуметтік мониторингке қатысуға шақырады.

Бірінші байлық – денсаулық. Және бұл ретте бізге Сіздердің көмектеріңіз қажет. Пікірлеріңізге сүйене отырып Қазақстанның әрбір өңіріндегі отандық медицинаның сапасы мен қолжетімділігін бағалағымыз келеді.

Біз үшін Сіздің пікіріңіз, берген бағаңыз бен ұсынысыңыз аса маңызды. Сол арқылы біз отандық медицинадағы олқылықтар туралы біліп, оларды түзей аламыз. Осылайша Сіз денсаулық сақтау саласындағы сан сауалды шешуге, тұтас ұлт денсаулығын нығайтуға үлес қоса аласыз. Әлеуметтік мониторингтің нәтижесі Қазақстан Республикасының Үкіметіне жіберіледі.

Ұлт денсаулығына қатысты үнсіз қала алмайтын азаматтардың барлығын, мониторингке қатысуға шақырамыз.

Мониторинг 2024 жылдың 23-нші ақпанынан бастап жүргізіледі.

Қалауыңыз бойынша, кері байланыс үшін қосымша мәліметтер қалдыра аласыз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444