ЕЛІМІЗДЕ ОНДАҒАН ІРІ КЕН ОРЫНДАРЫНЫҢ АШЫЛУЫ ЖОСПАРЛАНУДА
Астана қаласында «МАЙНЕКС Орталық Азия-2017» тау-кен өнеркәсіп форумы өтуде. Аталмыш шара аясында отандық және халықаралық сарапшылар Орталық Азия аймағының минералдық шикізат әлеуетін игеру мәселелері мен болашағын талқылауда.
Форумда барысында ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнаманы реформалаудың нәтижелері мен жетістіктеріне тоқталды. Оның айтуынша, «Тәжірибе режимінде Орталық Қазақстанда Степнагорск қаласы маңында 100 шақырымдық аумақ таңдалып алынды және бүгінде 22 жаңа келісім бекітілді. 2017 жылы ақпан айынан Арқалық-Шұбаркөл аумағын және Шығыс Қазақстан облысын барлауға өтініш қабылдана бастады. 2 айдың ішінде 17 типтік келісімшарт жасалды. Қазақстанның жер көлемі мен жер қойнауының ауқымды әлеуетін ескерсек, ондаған ірі кен орындарының ашылуы болжанып отыр. Оның ішінде бірегейлері болуы мүмкін».
Қазіргі таңда елімізде қолға алынған реформалар аясында геологиялық барлау бағыты бойынша 11 жаңа технологияны трансферттеу жүзеге асуда.
ҚР ИДМ вице-министрі Тимур Тоқтабаев: Бұл технологиялар GIS геодеректер базасының, геохимиялық деректер базасының әзірлемелері, сондай-ақ, геологиялық бақылау мен бағалау жүйесі, деректерді өңдеу сценарийлері кезінде үш өлшемді модельдеу және магниттік интерпретация, геомагниттік деректер және бағытталған поляризациялау деректері, спутниктік деректерді спектрлі имидждік өңдеу әдістемесі, рудалылықтың тікелей белгілерін анықтау үшін технологиялық зертханалық талдау, VTEM, ZTEM, AMT+MT геофизикалық технологиялар. Аталмыш технологиялар 2,5 шақырымдағы және оданда ары тереңдңктегі темір рудасын зерттеуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, форум аясында мемлекеттік органдардың өкілдерінің және жер қойнауын пайдаланушылардың, отандық және халықаралық сарапшылардың қатысуымен «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексі жобасының концептуалдық мәселелерін талқылау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіледі.