БІРІНШІ ТОҚСАН ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ТЕМІРЖОЛ КӨЛІГІМЕН 87 МЛН. ТОННА ЖҮК ТАСЫМАЛДАНҒАН
Бүгінгі өткен Үкімет отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек биылғы жылдың бірінші тоқсанына жасалған қорытындыға сәйкес жүк тасымал көлемінің былтырғы жылдың бірінші тоқсанының көрсеткішімен салыстырғандағы өсімі жайлы мағлұмат берді.
Көлік кешеніндегі нақты көлем индексі 103,4%-ды құрады.
ҚР ИДМ министрі Жеңіс Қасымбек: — Жүк тасымалының көлемі 1,1% өсті және 813 млн. тоннаны құрады. Жүк айналымы 5,4% ұлғайды және 125 млрд. тонна км құрады. Өсімнің басым көпшілігі темір жол көлігімен тасымалданғаны байқалып отыр. Жүк тасымалы 15,7% өсті және 87 млн. тоннаны құрады. Ал, жүк айналымы 12,6% өсті және 60 млрд. тонна км құрады.
Құрылыс бойынша нақты көлем индексі 107,1% құрды.
Министрдің айтуынша, тұрғын үй құрылысына барлық қаржыландыру көздерінен 173,4 млрд. теңге бөлінген, өсім 13,8%-ды құрайды. Жалпы ауданы 3,1 млн. м2 тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 125,3% құрап отыр. Тұрғын үйдің басым көпшілігін — 2,9 млн. м2 немесе 93,2%-ын жұртшылық пен жеке құрылыс салушыларға пайдалануға берілді.Мемлекеттік сектордың үлесіне пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы ауданының 5% тиесілі. Республика бойынша 25 230 баспана пайдалануға берілді. Оның 7 701-і жеке баспана.