Бірегей жоба

Қазақстанның қазіргі ұстанымы – энергияүнемділікті алға апарып, баламалы электр энергиясын өндіру. Түркістан облысындағы осы бағытта диодты шамдар шығаратын кәсіпорын табысты еңбек етуде. «ҚазТехникас» ЖШС — өңірде алғаш болып, үнемдеу лампаларын шығарған теңдесі жоқ кәсіпорын. «Тассай» индустриалды аймағында орналасқан. Жобаның жалпы құны — 500 млн. теңге. Қажетті қаражат көзі кәсіпорынның өз есебінен жұмсалған. Соңғы үлгідегі технологиялармен жабдықталған зауыттың жұмысы мінсіз. Мұндай көше шарықшамдарының жылына 18 мың данасы шығарылады. Ал, кеңсеге керектісінің 36 мыңы нарыққа жолдама алып отыр. Соңғы уақытта жел қондырғыларына негізделген автономды жарықтандыру жүйесін әзірлеп,  жіңішке-жалпақ металл өнімдерін де өндіруге көшкен. Сәбит Әшімбекұлы – «ҚазТехникас» ЖШС бас директоры: Бұл жоба – еліміздегі бірегей жобалардың бірі. Қазіргі таңда Қазақстанда мұндай өнім көзі өндірілмейді. Біздің кәсіпорын 40 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Әрі қарайда жұмысшылар санын көбейтуді жоспарлап отырмыз. Олардың орта жалақысы 100-150 мың теңге. Сапалы өнім өндірі жолында, жұмысшыларымызға бар жағдайды жасауға тырысамыз». Халықаралық Энергетика агенттігінің мәліметін келтірсек, әлемде қолданылатын электр энергиясының 19 %-ы жарықтандыру жұмыстарына жұмсалады. Мұндай диодты шамдарды қолданудың арқасында электр қуатын 40 пайызға дейін үнемдеуге болады. Демек, бұл — ірі мегаполистің бюджет қаражатын тиімді пайдалануға септігін тигізетін бірегей жоба.

М.ӘСЕМБЕК

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444