Қалдықсыз технология бойынша жұмыс істейді

Түркістан облысындағы көшбасшы кәсіпорындардың бірі «Шымкентмай» бүгінде нарықта өойып тұрын алған өзіндік орны бар компания. Кәсіпорын өзінің әйгілі «Доня» сауда белгісімен танымал. Компанияның іргетасы сонау 1942 жылы қаланған. Әу баста тәулігіне 280 тонна мақта тұқымын өңдеуге есептелінген, бүгінде өндірістік қуаты жыл санап 1 150 тоннаға дейін өсіп отыр. Қазіргі таңда Орта Азиядағы ас майын өндіретін көшбасшы компаниялардың бірі. Кәсіпорын күнбағыс, мақсары, мақта, соя, рапс, қыша және қышабас бұршақтары тұқымдары секілді басқа дақыл түрлерін өңдеу технологиясын игеру есебінен шығарылатын өнімнің ассортиментін кеңейтті. 1993 жылы «Шымкентмай» акционерлік қоғам болып қайта құрылған. Бүгінде ас майын өндіретін еліміздегі іргелі кәсіпорындардың бірі. Кәсіпорын қалдықсыз технология бойынша жұмыс істейді. Өсімдік майы мен күнжара өндіріп, кір сабын шығарады. Халықаралық талаптарға сай жоғары сапалы өнім өндіреді. Қазіргі таңда Орта Азия елдерінің азық түлік нарығы шапшаң дамуда. Сүт өнімдері мен ұн өнеркәсібі өнімдерімен қатар өсімдік майын өндіру қарқынды өсіп келеді. Бұған себеп экономиканың тұрақты дамуы мен өмір сүру деңгейінің көтерілуі арқасында мүмкін болып отыр. Әрине мұндай жағдайда сапасыз өнім өндіру тұтынушыдан айырылу деген сөз. Бұл жағынан алғанда компания қамшы салдырмайды. Өндірілген майдың табиғи құрамы тағам дайындау үдерісін жақсартуға, дәмді де пайдалы болуына мүмкіндік беріп отыр. Құрамында жасанды ингредиенттер жоқ. «Шымкентмайдың» технологиялық үдерісі толықтай қалдықсыз, шрот пен дән қауызы мал шаруашылығына арналған жемшөп өндірісіне қолданылса, майдың бір бөлігі  жоғары сапалы шаруашылық сабынын өндіруде қолданылады. «Food Expo 2003 жыл» Қазақстан нарығындағы ең жақсы өнім», «2008 жылдың ең жақсы отандық экспортері» атанған.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444