Біздің барлық жетістіктеріміз бен жеңістеріміздің мызғымас тұғыры – татулық пен тұтастық

Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл

«Бірлік бар жерде — тірлік бар» дейді біздің халық. Дана жұрт мұны тегін айтпаса керек. Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашан да нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді.

Қазақстан аумағында тұрып жатқан қаншама ұлт пен ұлыс өкілдерінің киелі қара шаңырақта тату-тәтті өмір сүруі үшін береке мен ынтымақ, бірлік пен бейбітшілік аса қажет. Сондықтан 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі мейрамының маңызы зор.

Сіздерді осы айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күні біз баға жетпес байлығымызды, ел үшін жасалынып жатқан игі істеріміз бен ұлттар арасындағы бұзылмас достығымызды дәріптейміз. Біздің барлық жетістіктеріміз бен жеңістеріміздің мызғымас тұғыры – татулық пен тұтастық. Түрлі ұлт өкілдері бір шаңырақтың астынан табылып, әлем таныған іргелі мемлекет атандық. Біз осыны әлемге паш етеміз!

Бұл мейрам — халқымыздың ұйымшылдығы, ел бірлігі мен қоғамдық келісімнің символы болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті, Қасым-Жомарт Кемелұлының қарқынды жігерінің, дұрыс бағдарының, әділ саясатының арқасында еліміздегі этносаралық үйлесімділік өз жемісін беріп келеді.

Сондықтан да бұл мейрамның орны ерек.

Қазіргі таңдағы бейбіт тірлігіміз ұзағынан болғай. Ең бастысы – көп ұлт мекен еткен Қазақ жерінің киелі топырағы, қойнауындағы қазынасы ортаймасын. Әрбіріңіздің шаңырақтарыңызға бақ пен береке, татулық пен ынтымақ тілеймін. Құндылығын айқара ашқан әрбір сәбидің бойында «Туған Отаным – Қазақстаным» деген қасиетті ұран шарықтап тұрсын. Мереке құтты болсын!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444