«Әл-Фараби және әлемдік өркениет» тақырыбында аймақтық конференция өтті
Шымкент қаласы Т.Тәжібаев атындағы №47 тарихи-гуманитарлық мектеп-гимназиясында ұлы ойшыл, ғалым Әбу-Нәсір Әл-Фарабидің туғанына 1150 жылдық мерейтойы қарсаңында «Әл-Фараби және әлемдік өркениет» тақырыбында аймақтық конференция өтті. Білім ордасы фойесінде «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен ғұламаның өмірі мен ғылыми мұрасынан сыр шертер кітаптар мен зерттеулерді қамтитын кеңейтілген кітап көрмесі жасақталып, оқырмандарға ұсынылды.
Конференцияда сөз алған тарихшы ғалымдар қатарынан ОҚМПУ-нің бірінші проректоры, тарих ғылымдарының кандидаты Б.Қ.Исабек, ОҚМУ-нің Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты Г.Сыздықова, «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы Ғылыми-зерттеу бөлімінің басшысы, тарих ғылымдарының магистрі А.Оралова, Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі Э.Алпысбаева ұлы ойшылдың өмірі мен ғылыми мұрасы жайында баяндама жасап, «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры орынбасары Г.Алпысбаева, Шымкент қаласы білім басқармасының әдістемелік орталығы маманы Ә.О.Ибраева ғұламаның гуманистік көзқарастарына талдау жасады.
Іс-шараға тарихшы ғалымдар, тарих пәнінің оқытушылары мен Шымкент қаласы білім басқармасының әдістемелік орталығы қызметкерлері, жастар мен БАҚ қатысты.
Шара соңына қарай оқушылардың орындауында «Отырар кітапханасы» көрінісі тамашаланып, патриоттық әндер шырқалды.