ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 7 «СЕРВИСТІК ӘКІМДІК» ТҰРҒЫНДАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДЕ

Мемлекеттік органдардың қызметінің ашықтығы — Агенттік қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.

Бүгінде Түркістан облысында «Сервистік әкімдік» форматында 7 аудандық жергілікті атқарушы орган қызметкерлері тұрғындар үшін ашық үлгіде қызмет көрсетуде.
Сервистік әкімдіктің негізгі мақсаты — жергілікті атқарушы органдар қызметінің жариялылығын қамтамасыз ету, қызмет алушы азаматтарға қолайлы жағдай қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою.


Кентау қаласында қолданысқа берілген «Сервистік әкімдіктің» жұмыс барысымен Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшылығы танысып қайтты.


Сервистік форматтағы жаңа әкімдікте аудандық деңгейдегі түрлі сала мамандарының бір кеңседе отырып, азаматтардың мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жаңа әкімдік ыңғайлы күту орындарымен, балаларға арналған ойын алаңдарымен, ашық форматтағы бөлмелермен, интернет желісімен, ақпараттық бұрыштармен жабдықталған.

Ашықтықты қамтамасыз ететін «Сервистік әкімдік» жобасы мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелерді бір жерде шоғырландырып қана қоймай, азаматтарға қолайлы жағдай жасауға және тұтынушылардың кедергісіз қызмет алулары мен қатар бұл мекеме арқылы тұрғындар қаланың әр бұрышында орналасқан бөлімдерді іздеп жүрместен, уақыттарын үнемдейтін болады.
Айта кететін жәйт, алдағы уақытта да Түркістан облысына қарасты қала/аудандарда жергілікті тұрғындарға тиімді қызмет көрсетуге бағытталған «сервистік әкімдіктердің» қатары көбейіп, атқарушы билік өкілдері халықпен бетпе-бет отырып қызмет көрсететін болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444