ТҮРКІСТАН: ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕКТІҢ ТОЛЫҚ ТАСЫМАЛДАНУЫН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ ӨКІЛДЕРІ ҚАДАҒАЛАДЫ

Бүгін Түркістан облысына Германия елінен және Ресейдің  Санкт-Петербург қаласынан гуманитарлық көмек, соның ішінде өңірімізге Германия елінен  30 дана «Paracetamol», 4 дана “АSS-1A pharma», 6 дана «Ibuprofen», 4 дана «AccAkut», 4 дана «Nac Al Akut», 3 дана «Ass Ratiopharm»,  10 дана«NacAkut», 1 дана «IbuHexal» дәрілік заттары мен «Vogt Medical VertriebGmbh»  атты неміс компаниясынан бірқатар  гигиеналық заттар және  Санкт-Петербург қаласынан  қауіпті індетке қарсы  300 дана «Цефтриаксон», 58 дана «Азитромицин», 6 дана «Дексаметазон-виал» дәрілік заттар  гуманитарлық көмек ретінде келді.

Осыған орай, Агенттіктің Түркістан облысы бойынша Департаментінің қызметкерлері мен «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджерлері  аталмыш гуманитарлық көмектің облыстық қоғамдық денсаулық басқармасына толық орналастырылуын бақылап,келіп жеткен барлық медициналық көмекке «ТЕГІН» деп көрсетілген арнайы белгілерді қою арқылы гуманитарлық көмектің заңсыз сатылымға шықпауын қадағалады.

Қос елден келген медициналық заттар жақын күндері Түркістан өңіріне қарасты барлық қала/аудандарда орналасқан мемлекеттік емдеу мекемелеріне жеткізіліп, қала/аудандардағы жергілікті  «Адалдық алаңының» менеджерлері толық тасымалдануын жіті бақылайтын болады.

Және әр күн сайын Түркістан өңіріне шет мемлекеттерден келген гуманитарлық көмекпен дәріханалардағы баға тұрақтылығына Департамент тарапынан мониторинг жұмыстары тұрақты негізде өз жалғасын табатын болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444