ТҮРКІСТАН: ДӘРІХАНАЛАРДЫҢ ЖҰМЫСЫНА МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Бүгін «Түркістан –адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен Түркістан қаласы, С.Ерубаев және Т.Нышанов көшесінің бойындағы бірқатар дәріханалардағы дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігімен бағаның тұрақтылығына Арнайы мониторингтік топ бақылау жұмыстарын жүргізілді.


Мониторинг жұмыстарына «Түркістан–адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қызметкерлері. Д.Ғаниұлы, Г.Қарсыбай, А.Оразалы және АМТ мүшелері қатысты.


Мониторинг барысында С.Ерубаев көшесі 197 а үйінде орналасқан дәріханада кассалық аппараттың жұмыс жасамайтындығы анықталып, кемшіліктерді түзетуге қатысты ұсыныс берілді. Ал, Т.Нышанов көшесіндегі дәріханалардан дәрі-дәрмектің жетіспеушілігі кездесуде.


Құрметті Түркістан облысының тұрғындары егерде сіздер дәріханалардағы дәрі-дәрмектің бағасының негізсіз көтерілгендігін байқасаңыз 109, 102, және агенттіктің 1424 Call орталығына немесе +7776-837-09-00 нөміріне Whatsapp қосымшасы арқылы дәріхана атауымен орналасқан жерін және дыбыс пен материалдар жібере аласыздар.

QOǴAM PIKIRI BASTY NAZARDA!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444