Қазақ салт-дәстүріне құрметпен қарайды

Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл

Шымкент қалалық этномәдени бірлестіктері қазақ халқының салт-дәстүрін құрмет тұтып, жыл сайын «Сарқыт», «Сыбаға», «Қамқор», «Асар», «Тоқымқағар», «Бата беру» іс-шараларын өткізіп келеді. Әрбір халықтың өзіне тән ерекшеліктері мен ұқсас тұстары болады. Мәселен, бата беру дәстүрі түркі тектес халықтарға ортақ.  Еңбек ардагері, «Ынтымақ» этносаралық мәдени бірлестігі «Әжелер» тобының жетекшісі Ұлбала Саудабаева:

— Қазақта батаның түрі аз емес. Атап айтқанда, жас жұбайлардың үйлену тойларында, сондай-ақ сүндет тойға, қыз ұзатуға, жас келінге, шілдехана, тұсаукесер, сапарға шығатын адамға, көші-қонға және тағы да басқа кәделерге байланысты берілетін баталар бар. Олардың әрбірі орайластыра өз орнымен, мән-мағынасына қарай, үйлесімді де тартымды етіп берілуі қажет, – дейді. Мәселен, жас жұбайлар үлкендердің батасы арқылы бас қосады. Бата беру дәстүрін Шымкент әзербайжан этномәдени бірлестігінің мүшелері қолдап, шаңырақ көтергелі отырған екі жасқа қазақ пен әзербайжан ақсақалдары бата беріп, ақ тілеумен шығарып салды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444