«ҚазМұнайГаз» басқарма құрамы өзгерді
«ҚазМұнайГаз» АҚ басқармасында өзгерістер болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақпаратты компания мен Қазақстан қор биржасы (KASE) баспасөз қызметі растады.
Компания мәліметінше, Дмитрий Макеев пен Дәурен Қарабаев басқарманың жаңа мүшелері болып сайланған.
«ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма құрамына бұған дейін компаниядан кеткен Арман Қайырденов пен Дәурен Қарабаевтың орнына Дмитрий Макеев пен Дәурен Абдулғафаров келді», — деді баспасөз қызметі өкілдері.