Бірлігі бекем ел

Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл

Бүгінгі күні Қазақстан халқы ассамблеясы еліміздегі әрбір этностың мүддесін қорғайтын қоғамдық бірлестік болып саналады, сондай-ақ полиэтносты Қазақстан халқын топтастырушы институт ретінде қалыптасты Қазақстан өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен бастап, Елбасы, ҚР Тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаев ұлттық саясаттың концептуалдық, идеологиялық негізін қалады. Оның екі басты бағыттары жүзеге асырылып келеді. Бірі, қазақ халқының ұлт ретінде қайта өрлеуі және ұлттық тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің, тарихы мен тілінің, мәдениеті мен салт-дәстүрінің дамуы. Бұл Қазақстан қоғамы мен оны ұйыстырудың берік негізі. Екіншісі, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңда атап көрсетілгендей, қазақ халқымен тарихи тағдыры біріктірген Республиканың барлық азаматтары біртұтас Қазақстан халқын құрайды және ұлтына қарамай барлығы тең құқыққа ие. Бұл Қазақстан Республикасының ұлттық саясатының ең басты қағидасы ретінде негізделген. Соның нәтижесінде мемлекеттің тұрақты дамуы және реформалардың дұрыс жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге этносаралық келісім саясаты басым бағыт болып саналды. Кеңестік дәуірден кейін Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуының ерекше сипаты этносаралық келісім мен тұрақтылықты сақтау болды. Полиэтносты қоғам жағдайында этносаралық келісім және толеранттылық мәдениетке тәрбиелеу мемлекеттік саясат деңгейіне көтерілді. Сонымен, 1995 жылдың 1 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган – Қазақстан халқы ассамблеясы құрылды.  Алайда, Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы ассамблеясын құру туралы идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялаған. Осындай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған болатын. Аталған бастама мәдениет аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болды.

Жиырма бес жылдық тарихында Қазақстан халқы ассамблеясы қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Оның дамуы барысында Н.Ә. Назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық моделін қалыптастырды. Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы ассамблеясының институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті күшейіп, халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды. Бүгінгі Қазақстан халқы ассамблеясы Елбасы Төрағалық ететін конституциялық орган болып табылады. Бұның өзі – оның ерекше мәртебесінің айқын көрінісі.  Әлемде кез-келген полиэтносты мемлекет өз еліндегі этносаралық қатынастардың дара моделін теориялық жүзінде анықтап, практикада оны жүзеге асырады. Бұл полиэтносты мемлекеттер үшін шынайы жағдайларға үйлесетін және өте қажет етілетін шешімдердің бірі болып табылады. Осы айтылған этносаралық қатынастардың моделдерін анықтау арқылы полиэтносты қоғамдағы этносаралық қатынастардың жағдайын және оның даму үрдісін білуге мүмкіндік береді.  Әлем тәжірибесінде, этносаралық қатынастардың түрлі моделдері кездеседі: солтүстік Американың, оңтүстік Американың, Еуропаның, Россияның, Қытайдың және т.б. елдердің өзіне тән моделдері бар. Қазақстан өз егемендігіне қол жеткізгеннен кейін, өмірлік маңызы бар этносаралық қатынастарды реттеу мәселесін бірден алға қойды. Алайда, өз салт-дәстүрі, тарихымен ерекшеленген Қазақстан, айтылған этносаралық қатынастардың түрлі моделдерінің ешқайсысынада сәйкес келмеді. Соның нәтижесінде Қазақстан өзіне ғана тән этносаралық қатынастардың дара моделін – қазақстандық моделді қалыптастыруға тиіс болды.  Айтылған этносаралық қатынастардың Қазақстандық моделі Қазақстан қоғамына ғана тән ерекшеліктерді ескереді. Оларды атап айтқанда: Қазақстан халқы байырғы қазақ жерінде өмір сүріп, дамып келеді; мемлекет құрушы және мемлекет атауына ие ұлт – қазақтар; мемлекет унитарлы, қоғамды топтастыратын ұлт – қазақтар; мемлекет полиэтникалық сипатымен ерекшеленеді; Қазақ жеріне көптеген этностар саяси қысым арқылы мәжбүрлеу, депортациялау саясатының нәтижесінде қоныстанған; мемлекеттік тіл – қазақ тілі; қоғамның басым бөлігі орыс тілінде сөйледі. Іс жүзінде орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі қызметін атқарады; Қазақстандағы барлық этностардың өзінің ұлттық тілін дамытуға деген ұмтылысына шек қойылмайды; халық көп конфессиялы қоғамда өмір сүреді (40-тан астам конфессия бар); қоғамда ұлтаралық және конфессияаралық толеранттылықтың дәстүрі қалыптасқан, оның тамыры терең. Мұндай қасиет ең алдымен, қазақ халқының менталитетіне тән және толеранттылық дәстүрді Қазақстанның барлық этностары ортақ құндылық ретінде қабылдайды; қоғам дамуының басты құндылықтары: азаматтық қоғам, демократия, нарықтық қатынастар, идеологиялық плюрализм; Қазақстан – бейбітсүйгіш ел. Ол ядролық қарудан ерікті түрде бас тартып, әлемдік қауымдастыққа Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесін, ЕурАзЭҚ – евразиялық интеграция идеясын ұсынды. Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымын (ҰҚШҰ), Шанхай ынтымақтастық ұйымын (ШЫҰ) ұйымдастырып, қалыптастыруда белсенді рөл атқарды, ЕҚЫҰ төрағалық ету.  Қазақстан халқы ассамблеясы Қазақстан мемлекетіндегі этносаралық келісімді нығайтудағы теңдесі жоқ маңыздылыққа ие болды. Қазіргі уақытта, бұл бастаманы Елбасы Қазақстан халқының жағдайларын толыққанды біліп, өзінің көрегендігі және сабырлығымен халқының болашағына жасаған болжаудың сәтті іске асуы деп айтуға болады. Сонымен қатар, бұл екінші жағынан Қазақстан халқы Елбасымен бірге сеніммен жасалған тарихи шешім болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444