Ұйғырлар
Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл
Шымкент қаласында екі мыңға жуықа ұйғыр этносының өкілдері өмір сүреді. 1998 жылы облыс аумағындағы ұйғыр ұлтының өкілдері бас қосып, ұйғыр этно-мәдени бірлестігін құру мәселесін ортаға салып, қазіргі ұйғыр этно-мәдени орталығының негізін қалаған болатын. Сол жылы-ақ ұйғыр этно-мәдени орталығы құрылып, өзінің жұмысын бастады. Алғашында орталыққа үш адам төрағалық етіп, біраз жұмысты жолға қойды. Қазіргі таңда облыстық ұйғыр этно-мәдени орталығының төрағасы – Искендиров Динмухамед Жармуханбетович.
Ұйғыр этно-мәдени орталығының жанында фольклорлық «Атуш» және вокалдық «Тарим» ансамбльдері мен «Гунча» би тобы жұмыс істейді. Бүгінгі таңда еліміздің 63 мектебінде ұйғыр тілінде ұйғыр тілі пәні енгізілген. Ал 13 ұйғыр мектебінде және 31 аралас орта мектептерде ұйғыр сыныптары бар. Мектептерде 16 мың ұйғыр баласы өз ана тілінде білім алуда. Алматы облысының Жаркент қаласындағы педколледжде бастауыш ұйғыр мектептерінің мұғалімдерін даярлау бөлімі бар. Шығыстану ғылыми-зерттеу институтының жанындағы Ұйғыртану орталығында оннан аса ұйғыр ғалымы халқымыздың тарихына, тіліне, әдебиеті мен өнеріне байланысты ғылыми жұмыстармен айналысуда. Жалпы, қазіргі уақытта Қазақстанда ұйғыр ұлтының өкілдерінен 20-дан аса ғалым докторы, 100-ге жуық ғылым кандидаты мемлекетіміздің, сонымен қатар ұлтымыздың даму жолында әр түрлі салаларда белсенді жұмыс атқаруда. Ұйғыр ұлттық мәдениетінің алтын бесігі болған Ұйғыр театры мен «Ұйғур авази» газеті де жұмыс істеп келеді.
Ұйғырлар Қазақстан территориясында алғаш рет XIX ғасырдың соңына таман келіп қоныстанған. 1881-1883 жылдары қазіргі Алматы облысының территориясына Қытайдан 40 мыңнан астам ұйғыр көшіп келген. Қазақстандағы ұйғырлардың саны – 237,582. Ұйғырлар Қазақстандағы ең көп санды диаспора қатарына жатады.