Оқушылар арасында «Күз аруы-2019» байқауы өткізілді

Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты, Әл-Фараби ауданы №129 жалпы орта білім беретін мектебінде 2019-2020 оқу жылының тәрбие жоспарына сәйкес оқушылар арасында «Күз аруы-2019» байқауы өткізілді. Байқаудың басты мақсаты — арулардың бойындағы мәдениеттілікті, рухани адамгершілікті, өнерге, білімге деген шығармашылық ізденістерін дамыту, жастар арасында ана тіліміздің дамуы мен жандануына үлес қосу, талантты жастарға қолдау көрсету, арулардың қазақ қызына тән инабаттылық, нәзіктік қасиеттерін, қолөнерге бейімділігін арттыру болып табылады. Байқау барысында қыздарымыз мың бұрала би билеп, тамылжыта ән шырқап, өз өнерлерін паш етті. Ал сән үлгісін көрсету барысында жапырақтан, гүлдерден жасалған өзіндік киім үлгілері ерекше болды. Байқау 4 кезеңнен тұрды: Таныстыру, Абайдың қара сөздерін мәнерлеп оқу, өз өнері және сән үлгісінің көрсетілімі. Аталған сайыс кезеңдері бойынша сынға түскен аруларымыздың өнерлеріне әділ қазы алқалары өз бағасын беріп, сайыс қорытындысы бойынша бас жүлдені-4 «Ә» сынып оқушысы Қасқырбек Жания, І орынды-3 «А» сынып оқушысы Абдумаликова Әсем, ІІ орынды-3 «Б» сынып оқушысы Ескермес Жаенрке, ІІІ орынды-3 «Д» сынып оқушысы Кәден Назым иеленді. 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444