Шымкенттегі түрік этномәдени орталығы

Қазақстан халқы Ассамблеясына 25жыл

Түрік этно-мәдени орталығы 1991 жылы ақпан айында Алматы қаласында құрылып, 1996 жылы Қазақстан Республикасының «Ахыска» түрік қоғамы деп өзгертілген.

Сол жылдан қоғамның филиалдары Қазақстанның Шымкент қаласы және оңтүстік аймақтың аудандарында да ашыла бастады. Орталық өз қызметін мәдениет деңгейінің көтерілуіне, әдет-ғұрыптары мен ұлттық сананың сақталып қалуына және өз ұлтының білімін көтеруге бағытталған. Түріктердің көп шоғырланған Алматы, Тараз, Шымкент қалаларында түрік тілін үйрететін бірнеше оқу орындары мен өнер ұжымдары ашылды. Түрік диаспорасы өз араларында өкіл кеңесін сайлап отырады.

Шымкентте 7 мыңнан астам түрік өмір сүреді. «Ахыска» қоғамы филиалының төрағасы – Латипша Асанов.

Ең бастысы, түрік этно-мәдени орталығы ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауларының жүзеге асырылуына үлес қосуды бірінші кезектегі міндеті ретінде қарастырады. Атап айтқанда, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын насихаттау мен тұрғындар арасында түсіндіруге атсалысуда.

Түрік этно-мәдени орталығы шараларға белсенді түрде қатысады. Қоғам филиалдары салауатты өмір салтын ұстануға, келер ұрпақты төзімділік, адамгершілік рухында тәрбиелеуге ерекше көңіл бөледі. «Ахыска» Қазақстан халықтарының ұлттық мәдениетін өзара байытуға, Қазақстан мен Түркия арасындағы жан-жақты мәдени байланыстарды дамытуға себебін тигізуде. Осы ұлт өкілдерінің ішінен түрік халқының тарихын зерттеумен, тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін сақтаумен, дамытумен және мәдени ағарту қызметімен айналысатын патриот азаматтар шыққан.

Түрік халқының Қазақстандағы «Ахыска» атты мәдени орталығының төрағасы Зияддин Қасанов: «Тағдыр тәлкегіне ұшырап, кіндік қаны тамған, бабаларының зираты жатқан ата қонысынан көз көрмеген, құлақ естімеген елге күштеп көшірілген бейкүнә жандардың қасіретіне түсіністікпен, аяушылықпен қараған қазақ халқы түрік ағайындарына да көмек қолын созды»,- деп өз алғысын білдірді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444